Тарихи таңдау - латынға көшу

23.05.2019ж

Бүгінгі  күн  тәртібіне  қойылған  ең  өзекті  мәселенің  бірі -  қазақ  тілін латын  әліпбиіне  көшіру.

    Тарихи  тамыры  терең тұғырлы  тілімізді  дамытып, заманның  өзі  талап  еткен  бұл бастама  жайында талай  пікірлер  айтылуда. 

     Бұл  - тарих  бедерінде  жасалған  нақты қадам  және  түркі  әлемін  біріктіретін  тарихи  шешім. Латынға  көшудің  негізі  мақсаты  қазақ тілін  әрі  қарай  дамытып,  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  қосуға  жағдай жасау, яғни, қазақ  жазуында  қазіргі  қолданылып  келе  жатқан  орыс  графикасын  (кириллицаны)  латын  әліпбиімен  ауыстыру.

     Елбасы  2012  жылғы  желтоқсан айында  жария  еткен  «Қазақстан - 2050»  Стратегиясында  2025  жылдан бастап  латын  әліпбиіне  көшуге  кірісуіміз  керектігін мәлімдеген  болатын.  Елбасымыз  2017 жылғы  сәуір айында  жариялаған  «Болашаққа бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  таяу  жылдарға  қатысты  міндеттерге  тоқтала  келе, қазақ тілін біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын      бастауымыз  керек  екендігін  айтты.

    Латын  әліпбиіне  көшу – заман  талабы. Себебі,  әлемнің  100-ден  астам  мемлекетінде  латын  әліпбиі  қолданылады. Латын  әліпбиіне көшудің  кейбір  алғы шарттары  қазірдің  өзінде  жасалып отыр. Оның  үстіне, қазақ халқы  бір  әліпбиден  екінші  әліпбиге  көшу  тәжірибесін  екі  рет – 1928  жылы  латын  әліпбиіне,  1940 жылы  латын  жазуынан  бүгінгі  кириллицаға  көшу  кезеңін  бастан  өткізгені  баршамызға  мәлім.

    Латын  тілі – ғылым,  білімнің,  заманауи технологияның  тілі. Латын  тіліне  көшу  қоғамдық  ой-санамызды жаңғыртып,  рухани  дүниемізді  байыта  түседі.  Қазақ  тілі  әліпбиін  латын таңбасымен  жазуға  қайтару – қоғамдық  талап көрсеткіштерінің  бірі.  Осы  латын  әліпбиіне  қатысты  қазіргі  таңда  көптеген талқылаулар,  конференциялар,  жиналыстар  өткізіліп,  алдағы  уақытқа  іс-шара  жұмыс  жоспарлары  жасалуда. Оған  дәлел  Қазақстан  Республикасы  Әділет министрлігі  Жауапты  хатшысының  міндетін атқарушы Б.Беркімбаевтың  19 қазан  2018 жылғы  «Әділет органдарының  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  іске  асыру  бойынша  2019 жылға  арналған  жұмыс  жоспарын»  бекіткен  болатын.  Осы  аталған  іс-шара жоспарында  «Латын  әліпбиіне  көшуге»  байланысты  жоспарлар  бекітілген.

    Қазақ тілі  әліпбиін  латын  графикасына  негіздеу  арқылы  ұтарымыз: тіл  тазалығы сақталады,  тіліміздің  халықаралық  дәрежеге шығуына  жол  ашылады,  түркі  әлемімен  байланыс  нығайтылады. Латын  графикасы  арқылы  таңбаланған  қазақ  әліпбиі  мен  жазуы  Қазақ  елін  жаңаша  биіктерге  бастайтынына  сенеміз

М.Сағымбек,

аудандық Әділет басқармасының басшысы,

Қазақстанның Заңгерлер одағының мүшес

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net