Руханияттың алтын қазығы

31.05.2019ж

Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде  мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениет - өнер ордасы» атты мәдени іс-шара болып өтті. Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік.

     Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болмақ.

     Өнер мен мәдениет – егіз ұғым Мәдениет – рухани мәйек. өнер мәдениетінің алтын қазынасы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ:  мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенділі-кішілі үлесімен  мақтанады. 

     Іс-шара барысында алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Роза Мағруповаға берілді. Роза Азаматқызы мәдениет және өнер қызметкерлеріне аудан әкімі Темірлан Бектасовтың құттықтау тілегін жеткізіп, ізгі лебізін білдірді.  Аталған шара барысында  ауданымыздағы  мәдениет және өнер саласында белсенді қызмет істеп жүрген бірқатар  қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, оны  аудан әкімінің орынбасары Шұхрат  Құрбанов табыстады. Аталмыш мерекеде  «Үздік халықтық үлгілі атағы бар ұжым» номинациясын Алматы облысы бойынша «Жаркент әуендері» халықтық ән-би  ансамблі, балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлбақыт Ибраймова «Үздік мәдениет қызметкері», облыстық халық шығармашылығы орталығының  «Құрмет грамотасы» Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының әртісі Ә.Шаймерденоваға берілді. Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Айдарлы ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлия Шалғынбаева, Жаркент қалалық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Айдана Мұсағұлова, Көктал ауылдық мәдениет үйінің директоры Ә.Балғымбекова, Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Ж.Ахметова, аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Күмісай Сайдахметова, Шекер Құдайқұлова, Бағлан Нурумовалар марапатталды.

     Марапат иелеріне арнап «Айқабақ» әжелер халықтық ансамблінің белсенді мүшесі,  ҚР білім беру ісінің үздігі  Бақытгүл Нұғманова, аудандық балалар кітапханасының  меңгерушісі, «Кітапхана ісінің үздігі», «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясының иегері Гүлбақыт Ибраимова, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен жолдама алып, еңбек жолын бастаған жас маман Мейірман Мүтән өз лебіздерін білдірді.

      Шара    соңы     аудандық    мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдаламасымен жалғасты.

       Елдігіміздің басты нышаны - өнеріміз бен мәдениетімізді ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды насихаттап, терең біліммен өскелең ұрпақты тәрбиелеп, әлемдік мәдени құндылықтарға баулып жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің руханият жолындағы  қызметтеріне бұдан былай да толағай табыстар тілейміз.    

Мәулен КЕРІМБЕКОВ.

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net