Санаға саясат жүрмейді

21.06.2019ж

Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының біріне айналып отырған латын әліпбиіне көшу-жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін аса маңызды өркениетті шешім.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей «латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманға технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне тікелей байланысты».
Бұл шешім сонымен бірге қазақ тілінің өз ерекшелігіне сай дыбысталу жүйесін қалпына келтіру, табиғи таза қалпын сақтау, басы артық жат әріптерден арылу, ұлттық тіліміздің үндестігіне сай дұрыс еміле жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің халықаралық білім мен ақпарат кеңістігіне кіруіне, түбі бір түрік дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге жол ашады.
Біздер жастарға ардақты ана тіліміздің қадір-қасиетін жете түсіндіруге міндеттіміз. Рухымызды көтеріп, еңсемізді тіктейтін, жігерімізді жанитын қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне тілекшіміз де. Сондықтан да бүгінгі өзекті әңгіме тиегіне айналып отырған латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде жастарға жан-жақты түсінік беру азаматтық парызымыз.
Күлия Қоршабекова,
Жаркент көпсалалы
колледжінің арнайы топ мұғалімі.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net