Ауылым -алтын бесік

09.08.2019ж

Мемлекеттің дамуына мәдениет саласының қосар үлесі зор. Қазіргі таңда ауданымызда 28 мәдениет үйі мен клубы  бар. Соңғы жылдары мәдениет  нысандарын салуға жеткілікті қаржы  бөлінбей  келеді.

 

      Үлкеншыған   ауылындағы Мәдениет  үйін салуға 2007 жылдан бері қаржы сұралып, бюджетке ұсыныс берілген болатын.

      Биылға дейін қаржы бөлінбеді. Сондықтан мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізінде мәдени-спорт кешенін салу қолға алынбақ.

      Жуырда Үлкеншыған ауылының тұрғындарымен Қазақстанның және Кеңестер Одағының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Достық», «Отан», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов кездесу өткізді. Онда Асанәлі Әшімов атындағы өнер мен  мәдениетке қолдау қоры арқылы Үлкеншыған ауылына мәдени-сауықтыру, ойын-сауық орталығын салу туралы мәселе қаралды.

      Шара барысында аудан әкімі Темірлан Бектасов сөз алып, Асанәлі Әшімовтың республикаға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге танымал мәденит қайраткер, ұзақ жылдар бойы өз өнерімен ұлтына адал қызмет етіп, халқының құрметіне бөленген тұлға  екенін  айтты.

      Сондай-ақ аталған қордың ұйымдастыруымен салынатын 350 орынды мәдениет орталығының жанынан аквапарк және спорттық комплекс бой көтермек. Мәдени нысанның жалпы аумағы 2 гектар жерді құрайды.

      Биік шыңдарды бағындырған өнер тарланы, қазақ мәдениетінің тарихында ғана емес, халықтың жүрегінен терең орын алған қайраткер тұлға екенін және Жаркент жеріне деген ықыласы туралы баяндай келіп, аудан тұрғындары атынан мықты денсаулық, отбасына береке, шығармашылық табыс тілеген аудан әкімі Т.Бектасов кино және театр актері, режиссер, «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Әшімовке  ізгі  тілегін  білдірді.

     Кездесу барысында Асанәлі Әшімов сөз алып, елге, жерге деген махаббатын, өнерге деген  сүйіспеншілігін    баяндай келе ауыл тұрғындарының болашағы жарқын болатынын айтты.

      Кездесуге қатысушыларды мәдени-сауықтыру орталығының жобасымен Қуаныш Құдайберген таныстырды.

      Шара барысында Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, Жүрсін Ерман, ауыл жастары атынан Қуаныш Байдәулетов сөз алып белгілі өнер қайраткеріне шынайы ризашылығын білдірді.

       Арасында «Жаркет әуендері» халықтық үлгілі ән-би ансамблінің және ауыл көркемөнерпаздарының өнерлері тамашаланды.

      Кездесуге Қазақстан Республикасының халық әртістері Торғын Тасыбекова, Нүкетай Мышбаева және белгілі  журналист Әли Сқабай, Асанәлінің зайыбы Бағдат қатысты.

Жұмағазы  Бейсебек.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 725541