ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

28.08.20119ж

Қазақстан Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауыл азаматы Нұрлан Алимовтың  ұйымдастыруымен ауыл жастарының  қолдау көрсетуі арқасында жасалынған «Арай» спорт  алаңы  тамыз  айының 22-і күні салтанатты түрде ашылды. 

 

Ауылдағы  Мәдениет  үйінің жанынан орын тепкен спорт алаңында футбол, теннис, волейбол сияқты бұқаралық спорттың бірнеше түрлерімен айналысуға болады. 
Бүгінгі  күннің талабына сай жасалған спорт алаңының ашылуына ауыл тұрғындары, алыс-жақыннан шақырылған  қонақтар және  облыс  көлемінен  9 футболшылар командасы қатысты. 
Спорт  алаңының  ашылу салтанатына  арнайы шақырылған азаматтарға Төлеген Омарқұлов арнау айтып, жыр шашуымен қарсы алды.  Ал ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, салтанатты шараның  басталуына себепші  болды. 
Шара барысында алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Думан Төрехановқа берілді. 
Ауыл тұрғындарының спортқа  деген ынтасына ризашылығын білдіріп, құтты болсын айтқан аудан әкімінің орынбасары Д.Әдепханұлы мен аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Шоқпаров спорт алаңын салуға атсалысқан, демеушілік көрсеткен азаматтарды  аудан әкімінің «Құрмет грамоталарымен» , «Алғыс хаттарымен» марапаттады. 
Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық спорт  бөлімінің «Алғыс хаттары да»  тапсырылды. 
Шара барысында  зейнеткерлер  Дауысқожа Жұмабаев, Өкен Әбілмәжінұлы, Сүлеймен Көшкінов сөз алып, «Батагой» байқауының бас жүлдегері Өмірбек Жақыпбек қажы бата беріп, игілікті істің басында ауыл жастарына сәттілік тіледі. 
Салтанатты  шараға қатысқан қазыналы қарияларға ауыл әкімі  Н.Алимов пен «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының  төрағасы Елтай Қожақов тұрғындар атынан  шапан кигізіп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ аудан әкімідігі тарапынан доптар сыйға тартылды. 
Жастар атынан сөз алған  Жұман Смағұлов ауыл аясындағы спорт алаңының маңызы туралы айта келіп, барша азаматтарды спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы керек екенін айтты. 
Қоңырөлең ауылындағы «Арай»  спорт алаңының ашылу салтанатында ауылдық округітің әкімі Н.Алимов баяндама жасап, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті  мен салт-дәстүрлеріне айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу-шынайы  патриотизмнің  маңызды көріністерінің бірі»-деген ұлағатты сөзін ауыл тұрғындарының есіне тағы бір рет түсірді. Сонымен бірге ауылда 300 орынды мешіт, 250 орынды  «Хатым хана»,  Бөрібай би ауылында  салынып жатқан «спорт кешені» тұрғындардың өз қаражаты есебінен жасалып жатқанын тілге тиек етті. 
Ашылып отырған  «Арайә спорт алаңының құрылысы 2016 жылы басталған болатын.  Оған 7 миллион екі жүз мың теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Жалпы аумағы 1030 шаршы метр. Мұнда футбол, волейбол  алаңы, жаттығу аймағы және жас балаларға арналған ойын алаңдары  бой  көтерген. 
Ауылдағы кәсіпкерлер мен жақсылық жасауға жаны құштар жомарт жерлестеріміздің демеушілігімен,  мекеме басшыларының  қолдауымен және ауылдың белсенді жастарының адал еңбек,  маңдай терінің арқасында бой көтерді-дейді ауыл әкімі Нұрлан Алимов өзінің  құттықтау  сөзінде. 
Келешекте бұл  ауылдан көптеген спорт саңлақтары шығатынына сеніммен қараған ауыл әкімі осы спорт алаңына демеушілік көмегін көрсеткендерге  шынайы  ризашылығын білдірді. 
Шара барысында көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы тамашаланып  лента қию рәсімі болды. Әрі  қарай  түрлі спорттық ойындардан жарыстар басталып кетті. Онда жүлделі орынға ие болған командалар мен жекелеген спортшылар кубоктар мен медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
«Арай» спорт алаңының ашылу салтанатына  қатысушылар Қоңырөлең ауылдық «Тойханасында»  жайылған кең дастарқан мәзірінен дәм татып тарады. 
Жұмағазы Бейсебек. 
Қазақстан  Журналистер одағының мүшесі,
Панфилов  ауданының «Құрметті азаматы». 
Салтанатты шараны арулар да қуанышпен қарсы алды.
New layer...
New layer...

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net