Жарқын болашақ бастауы

28.08.2019ж

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, ба­тыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық бол­мыстан, ұлттық кодтан айы­рылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Онда елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала оты­рып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам ба­сатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжай­тын көзқарастарымен бөліседі.

Саяси-экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол ада­ми құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымыз­ды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың ке­мел болғаны бұл жеке азамат­тарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған

еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Ел болу, мем­лекет құру — сонау түркі заманы­нан бермен қарай желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолда ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі бо­лып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары пара­сатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табы­лады.

Қазақстанды Ота­ным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы — мұның басты шарттарының бірі. Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге міндетті екенімізді естен шығармайық!

М.ЕРМЕШ,

«Жаркент қаласы әкімінің аппараты» ММ жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

 

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 677638