Тарихты тану ұрпақ парызы

 13.09.2019ж

Жуырда Үлкеншыған ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау барысында «Айханым» әжелер ансамблінің мүшелерімен «Тарихты тану ұрпақтың парызы» атты қонақжай өтті.

Аталған келелі басқосуды ауылдың кітапханашысы Гүлдана Нұрғалиқызы ұйымдастырды.   Шараның басты мақсаты - ата бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды және салт-дәстүрлеріміздің атадан балаға жалғасып отыратын тұрмыстық әлеуметтік ұстаным екенін жас буынға түсіндіру. Сондай-ақ тереңнен тамыр алатын тарихымыз және бабаларымыздан қалған рухани бай мұраларымызды ұрпақтар бойына сіңіру азаматтық борышымыз екендігін түсіндіру.

                Осы шара барысында салт-дәстүрлеріміз кеңінен дәріптелді. Қонақжайға келген барлық балалар ұлттық құндылықтарымыздан тәлім-тәрбие ала алды. Бойыларында Отанға деген сүйіспеншілік артып, патриоттық сезім кернегені әрбір қатысушының жанарынан сезіліп тұрды. Қай бала болмасын әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды. Осыған орай бүлдіршіндерімізді ұлттық қадір-қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын іс-шаралар үнемі назардан тыс қалмай ауылымызда үнемі өткізіліп тұрады.

                «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге мейлінше құрметпен қарап, ертеңгі ұрпағымыз  ұлтжанды,  отаншыл  болып өссін десек, ата дәстүрімізді ардақтауды үнемі басты  назарға  алуды  ұмытпайық. 

Д.БАЙДАУЛЕТОВА,

Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің

 жастар ісі  жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 640687