ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.01.2020ж

Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақтаған мақал-мәтелдерден, терме- жырлардан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады.

Мағынасы терең, ойды дәл берген халық ауыз әдебиетіндегі мақал мәтелдер мен термелерді халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ‘’Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышартына айландыра білу қажет.Егер жаңғыру елдің рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды’’- делінген. Осы айтылғандарды жүзеге асырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жаркент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айында бірнеше конкурстар өтті.
Бұл конкурстарда Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің үміткерлері де өз бақтарын сынады. Атап өтсек, «Тіл парасаты» конкурсына 4 курс студенті Н.Тохтиев қатысып бас жүлдені иемденсе, «Мақал сөздің мәйегі» атты конкурсқа 3 курс, 1 курс студенттері қатысып А. Мұратбек II-орын иеленіп, М.Әділғазы дипломмен марапатталды.
«Текті сөздің тиегі - терме» атты конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Балғабекова қатысып жүлделі ІІ-орынды иеленді. Жеңімпаздарды колледж студенттері атынан шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жылда толағай табыстар тілейміз.
Маржан Әділғазы,
Жаркент жоғары
гуманитарлық-техникалық
колледжінің 1 курс студенті.

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 848299