Атқарылатын істер ауқымды

07.02.2020ж

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған нақты тапсырмалар бойынша жұмыстар әлі де  кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Осы жылдар бойы рухани жаңғыру бойынша республика бойынша ауқымды шаралар өтті. Көпшілік жастарымыздан төл тарихымыз бен мәдениетімізді қадірлеп, ата-баба аманат еткен құндылықтарымызды қастерлеуді терең зерделеп келе жатқанын байқаймыз.  Келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаттың ел дамуына тигізген септігі орасан.

                Мақалада айтылған сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та тұңғыш Президент бастамаларын ары қарай жалғастырып, рухани жаңғыру үрдісін қолға алуда. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған өзінің стратегиялық жоспарларының барлығында дерлік Елбасы реформаларын пайдаланып, жаңғыртуда.

                Осыған орай, ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің, аудандық газеттің ресми сайттарында арнайы бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.                          Ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде аталған бағдарлама бойынша тиісті іс-шаралар өз мерзімінде өтуде. Аудандық газетте бағдарлама бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы  апта сайын ашық жарияланып тұрады. 

                Мақаладан бастау алатын «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмыс тобы, Сарапшылар кеңесі, Жобалық кеңсе құрылып, Елбасы жолдаған мақаланы ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі аудандық іс-шаралар              жоспары қайта бекітілді. Іс-шаралар жоспарында Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша нақты тапсырмалар сараланып, оның орындалуы тиісті сала басшыларына жүктелді. Ағымдағы жылы аудан әкімімен бірлесіп бекітілген нақты жұмыс жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылатын болады.

                Бағдарлама бойынша тиісті шаралар биылда өз жалғасын табады.

Марат ИЛИПОВ,

аудандық ішкі саясат

 бөлімінің  басшысы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1352287