Ауқымды іс басында - аналар

14.02.2020ж

Отан от басынан басталады. Отбасының ұйытқысы - әйелдер.   Бүгінде әйелдің иығына түсер салмақ аз емес. Ұлт болып сақталуымызға, иірімге түсіп жұтылып кетпеуімізге кепіл болатын   ұлттық  кодтың  тізгіні ананың қолында тұр.

Қурап кетпеуі  үшін ұлттық тамырды суару ананың қасиетті  міндеті екен. Бұл айтуға оңай нәрсе, ал тарқатар болсақ отан   көтермес   ауыр   жүк.

Бүгінде  аудандағы аналар кеңесінің рөлі үлкен. Отбасының қазығы аналар. Отбасы берекелі болса, мемлекеттің іргетасы мықты болады. Баланың тәрбиесінде де ұлы ананың маңызы ерекше. Бала - болашақ. Ал болашақтың қандай болары да анаға байланысты екен. Ұлтты тәрбиелейтін де ана .

                Десек те бүгінде әлеуметтік мәселелер өзектілігі жүйкені тоздыратын қазіргі қоғамда әйелдер белсенділігі қажеттілікке айналып отырғаны рас. Қоғамда қандай әлеуметтік мәселе көтерілсе де, бір ұшы анаға келіп тіреледі. Оның үстіне ұрпақты да, ұлтты да тәрбиелейтін ананың өзіне қамқорлық керек. Деректерге сүйенсек әйелдердің жетпіс пайызы өмірінде бір рет болса да түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан кешеді екен. Отбасының ажырасуы да соңғы жылдары өте жиіледі, жастар арасында отбасылық құндылықтардың көмескі тартуы байқалады.            Тастанды баланың азаймауы, балаға қарсы қылмыстың өріс алуы қоғамдағы аса ауыр көріністің бірі. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов ауданда осыған орай жұмыс жүргізіліп отырған аналар кеңестерінің, соның ішінде Сара Темірбаева жетекшілік ететін аудандық аналар кеңесінің жұмысын ризашылықпен  атады бізбен әңгімесінде.

           Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», халықаралық ғылым Академиясының профессоры, Еуроодақтың «Құрметті азаматы», халықаралық сыйлықтың лауреаты, аудандық мерейлі мекеннің мәртебелі «Аналар кеңесінің» төрайымы Сара Темірбаева басқаратын аналар кеңесінің жұмыс жоспары аудандық   ішкі    саясат бөлімімен бекітіліп, жоспарға сәйкес Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасы «Әйелдер істері отбасылық  және  гендерлік саясат жөніндегі 2017-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жетілдіру» іс-шараларын жүзеге асыруда ұлттық  рухани құндылықтарды жастар зердесіне жеткізу, жас отбасыларына әлеуметтік   психологиялық    көмек көрсетеді.

                Аудандық білім беру мекемелеріне «Аналар кеңесі» ата-аналар комитетімен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында  суицидтің, нашақорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында іс-шаралар өткізіп ауқымды жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ аналар кеңесі  «Ауыл әйелдерін жұмыспен қамту» және «білімді ел бақытты ел» жобасымен жұмыс жасайды.

         «Ауыл әйелдерін жұмыспен қамту» жобасы бойынша 2019 жылы  15 жұмыс орны ашылып, 152 әйел жұмысқа орналасты.

                Қоғамдағы  көптеген өзекті мәселелерді аналар бастамасымен қолға алған істер шешеді. Жазиралы Жаркентте аналар кеңесін ардагер-ұстаз Сара Темірбаева басқарады. Олар бес бағытта жұмыс жүргізеді, соның ішінде  жасөспірім  қыздар тәрбиесімен айналысатын кеңес мүшелерінің жұмысын ерекше атауға болады.

                Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өсиетін мәңгілік елдікке апаратын сара жолдың ұрпақ сабақтастығының ұясы отбасынан  басталатынын меңзейтіні ап-айқын

Бағдат Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 843710