Халық үніне құлақ асатын мемлекет

21.02.2020ж

Ақпанның 21-і күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты баспасөз мәслихаты өтті. Аталған отырысты аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова ашып, жүргізді.

 

            Брифинг барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен жылы ауданымызда атқарылған жұмыстарға қортыныды жасап, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, ауданымызда өткен жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша арнайы штаб құрамы бекітілген. Аудан бойынша жұмыс жоспары жасалынып, 8 отырысы өткізілгендігін баяндады. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша өткен жылы ұсынылған 26 жобадан 3 жоба (Тұрпан аулыныдағы спорт алаңы, «Жаркент-шежірелі өлке», «Жазиралы Жаркенттің жастары» атты кітап жинағы) облыстық сараптамалық Кеңестен өтіп, осы 26 жобадан 22 жоба жүзеге асырылды. 108 іс-шарадан тұратын жоспар әзірленіп, уақытымен толық орындалған.

            Жаркент қаласының орталығындағы рухани жаңғыру кабинеті ашылып, 46 білім беретін орындарда «Рухани жаңғыру» бұрышымен безендірілді. Қала және 13 ауылдық округтердет 15 баннер, 17 аспалы қондырғы және 9 ролик көрсетілді. 2019 жылдары облыстық және аудандық БАҚ-да 111, әлеуметтік желілерде 91 мақала жарияланды. Жоспарланған 26 жобадан 22 жоба, 108 іс-шарадан 96 орындалды.

            Басқосу соңында ауданымыздағы Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Жаркен-шежірелі өлке» атты өлкеміздің тарихы орындары түсірілген аранйы бейнероликтер көрсетілді.

Күнтізбе

« Наурыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 925045