Баспасөз мәслихаты өтті

28.02.2020ж

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты баспасөз мәслихаты өтті. Аталған отырысты аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова ашып, жүргізді.

       Баспасөз мәслихатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен жылы ауданымызда атқарылған жұмыстарға қортынды жасап, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларымен  таныстырды. Атап айтқанда, өткен жылы ауданымызда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша арнайы штаб құрамы бекітілген.

                 Аудан бойынша жұмыс жоспары жасалынып, 8 отырыс өткізілгендігін баяндады. Сондай-ақ аталған бағдарлама бойынша өткен жылы ұсынылған 26 жобадан 3 жоба (Тұрпан ауылындағы спорт алаңы, «Жаркент-шежірелі өлке», «Жазиралы Жаркенттің жастары» атты кітап жинағы) облыстық сараптамалық кеңестен өтіп, осы 26 жобадан 22 жоба жүзеге асырылды. 108 іс-шарадан тұратын жоспар әзірленіп, олар  уақытымен толық  орындалған.

                Жаркент қаласының орталығында рухани жаңғыру кабинеті ашылып, 46 білім беретін орындар «Рухани жаңғыру» бұрышымен безендірілді. Қала және 13 ауылдық округтерде 15 баннер, 17 аспалы қондырғы және 9 ролик көрсетілді. 2019 жылы облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 111, әлеуметтік  желілерде 91 мақала жарияланды. Жоспарланған  26 жобадан 22 жоба, 108 іс-шараның  96-сы орындалды.

                Басқосу соңында ауданымыздағы «Жаркент-шежірелі өлке» жобасы барысында өлкеміздің тарихи орындары түсірілген арнайы бейнероликтер көрсетілді.

А.Хаметжанова.

 

Күнтізбе

« Наурыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 925082