Латын әліпбиіне көшу – өркениетке бағытталған қадам

28.02.2020ж

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымыз- ды оятқан, әлемге қазақ елін - азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік еді.

Енді бүгін әлем таныған елге айналдық. Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деп нар тұлғалы батыр атамыз Б.Момышұлының айтқанындай, тіл - мемлекетіміздің тұғырлы тілегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.

         Елбасының бағдарламалық мақаласының түпқазығы - қазақ жазуының латын қарпіндегі нұсқасына көшуі. Өйткені, халқымызда «Қыран құстың биікке самғап ұшуы үшін оған уақыт пен бап керек» деген даналық сөзі бар. Яғни, Елбасы елімізде адамның санасын жаңғыртуына, рухани баюына ықпал ететін латын әліпбиіне көшуді ұсынып отыр.

        Рухани жаңғыруды жазудан бастап, кириллицамен қош айтысып, қазақтың өзіне тән әліпбиін жасау басты мақсат. Өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық салт – дәстүрлерімен, ұлттық мәдениетімен, тарихымен алпауыт елдердің алдында алыптай болып жүрген Ұлы еліміздің болашағы өз әліпбиімен жарқын бола түспек. Қазақ әліпбиінің атасы, сөз шебері атанған А.Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда: «Ел бүгіншіл, менікі - ертең үшін» дегендей, бүгінгі таңдағы  жүзеге асырылып жатқан дүниенің бәрі тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игілік.

          Расында да, латын әліпбиіне көшу тілімізге енген кірме сөздерден, әріптерден, халықты мәңгүрттендіру үшін отарлау       саясатын жүргізу барысындағы тәуелділіктен арылудың бірден-бір жолы. Бұл ретте елді өркениетке жеткізу жолында «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сөзді еске ала отырып, барша ел болып жұмылып, ұлттық бірлікті сақтай отырып, діттеген мақсатқа сенімді қадам басу керек деп ойлаймын. Тәуелсіз елде, кеңбайтақ жерде өз Отанын мекен етіп, ана тілінде сөйлеп, дінін, ділін сақтап отырған, ұйыған ұлтымыз жаңа әліпбимен жаңа белестерді бағындырады деген сенімдемін.

Аслан Қалибеков,

Алматы  облысы  «Тіл оқу-әдістемелік  орталығының

 Панфилов аудандық филиалының жетекшісі.

 

 

                

Күнтізбе

« Желтоқсан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1501762