Мамандықтың бәрі маңызды

17.04.2020ж

Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевөзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңа үлгідегі жаңғырудың басты шарты – өз мәдениетімізді, өзіндік ұлттық кодты сақтау» деп атап көрсетті.

Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этно-логия және музеология кафедрасы маңызды жұмыстар атқаруда. Кафедрада «Архео-логия және этнология», «Му-зей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтары бойынша жоғары квалификациялы маман-дар даярланады және бұл мәселе бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Мамандар бакалавр, магистратура, докторантура деңгейі және сырттай оқу бөлімі бойынша оқытылады. Аталмыш мамандықтардың қарастыратын негізгі нысаны – халықтардың этногенезі мен этникалық тарихы, этностың шаруашылық-мәдени типі, әлем халықтарының этникалық және этномәдени процестері, қазіргі Қазақстандағы этникалық топтардың этнографиясы, Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың археологиялық ескерткіштері және музей ісінің бүгінгі күнгі жағдайы мен ескерткіштерді қорғау мәселелері. 130-дан астам ұлт өкілдері мекендеп отырған полиэтникалық мемлекет жағдайында этникалық және этнос аралық үрдістерге мониторинг пен сараптама жасау, Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық  қатынастарды үйлесімді түрде реттеу негізіндегі ұлттардың татулығы мен тұрақтылықтың тәжірибесін зерттеу және насихаттау да кафедра ғалымдарының зерттеп жүрген мәселелері және Елбасымыз Н.Назарбаевтың жоғарыда аталған мақаласымен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Еуразия аймағындағы ұлан-байтақ Қазақстанның территориясы қола дәуірінен бастап,кейінгі ортағасырларға дейінгі уақытта этномәдени және этно-саяси үдерістерге толы болды. Осы орайда, археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізетін теориялық және практикалық білімі бар жоғары квалификацияланған мамандардың қажеттілігі ұдайы байқалады.

Мамандықтың білім беру бағдарламасы халықаралық стандарттар және нарықтың

сұранысындағы өзгерістерге сай  үнемі модернизациялануда. Археология және этнология

саласы бойынша студенттердің кәсіби білімін бекіту мақсатында Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан «Ортағасырлық Ақтөбе» қалашағы-базасында 3 жыл қатарынан оқу және өндірістік тағлымдамадан өтеді. Мұндай база Орта елдерінің ЖОО деңгейінде кездеспейді. Кафедра студенттері, магистранттары және докторанттары ғылыми зерттеулерге белсенді түрде атсалысады. Олар Ресей, Италия, Голландия, Франция, Германия, Түркия, Жапония, Қытай және т.б. елдердің мамандарымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірлескен археологиялық экспедицияларға қатысады. Кафедра аясында камералдық лаборатория, халықаралық «Геоархеология» лабораториясы жұмыс істейді. Онда студенттер өндірістік тәжірибеден алып келген археологиялық артефактілер мен этнографиялық материалдарды өңдеумен айналысады.

Кафедрада мамандандырылған 3 оқу кабинеттері бар, оқу дәрістері осы археологиялық, этнографиялық және палеолит музейлерінде өтеді. Археологиялық артефактілерді

реставрациялау және консервациялау саласы бойынша дәрістер «Остров Крым» реставрациялық орталығына барып өтіледі. Студенттерге сапалы білім беру мақсатында «Археология» және «Этнология» жеке білім траекториялары бойынша оқытылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі бәсекелестік заманда уни-верситетке қойылатын ең басты талаптардың бірі - бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даяр лау қоғамды рухани жаңғыртудағы өзекті мәселе болып табылады. Осындай білікті мамандарды дайындап жатқан еліміздің ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің осы мақсатта атқарып отырған еңбегі зор екендігі айқын.

С. ШАЛҒЫНБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық университеті,

археология,

этнология және музеология

кафедрасының

тарих ғылымдарының

кандидаты

Күнтізбе

« Маусым 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1093831