Әкелер күні қарсаңында

19.06.2020ж

Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді.

Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен   бірге   жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.

                Елбасы   «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. «Отбасы – ошақ қасы» деп жатамыз. Отбасымыздың тірегі, алтын  діңгегі    ол – Әке.

                Әке... Осы сөзді айтқанда, бір түрлі қанат біткендей, құс сияқты қалықтайдындай сезімде боласың! Арманға жетелеп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боласың. Әке -  әркімге де асқар тау, ана - өмір сыйлап, нәр берер  бұлақ, бала - жағасындағы балауса  құрақ    .

                Панфилов аудандық кітапханасында  21 маусым әкелер күніне орай көп балалы отбасынан шыққан, өнегелі отбасының отағасы, жасөспірімдер арасында велоспорттан 20 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өсім Ақпейілдің әкесі, Головацкий ауылының тұрғыны, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Ербосын Есеновпен   «Менің әкем мен үшін дара туған!» атты сұхбат болып өтті. Қонағымызбен  сұхбаттасқан  аудандық кітапхананың  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Назерке  Нұрғалиева.  Сұхбат барысында Ербосын Өсімұлымен жақынырақ таныса отырып, көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде  әкенің ізгі қасиеттері жайлы және  велоспорттың неше дүркін жеңімпазы Өсім Ақпейілдің тәрбиесімен  отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкелік міндеті жайлы біршама сұрақтар қойылып  мардымды  жауап  ала  алдық.

                Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туа бітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні  анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ!

                Назерке  Нұрғалиева,  аудандық  кітапхананың

кітапханашысы.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1250210