Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра

02.07.2020ж

Тарихы сонау  Кетбұғы күйшіден бастау алатын күй тек қазаққа  ғана тән, ерекше өнер. Қаһарлы хандарды райынан қайтарған да, ботасы өлген нарды идірген де, талай тентекті тезге салған да осы күй  құдіреті!

      Замана  белестерінен мұқалмай өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан домбыра сазы құйма құлақ күйшілердің арқасында бізге жетті. Жазу-сызуы жоқ дала халқының осындай өнерді өлтірмей, атадан балаға жеткізудің  кезінде Затаевич бастаған өзге зерттеушілері таңдана да, тамсана жазған болатын.  Браун деген генералдың  Құрманғазыны Моцартқа теңегенін де білеміз.

                Күйді  қазаққа  ғана тән дейтініміз бұл өзге халықта жоқ өнер. Рас, қырғыз, өзбек, түрікмен күйлерін түгел жинағанда жалғыз Құрманғазының  туындыларына  жетпейді. Қарапайым қара домбыраның шанағынан шыққан сарынды сым ішекті  басқа аспаптан ести  алмайсыз.

                Құрманғазының  делебеңді қоздырар «Адай», «Сарыарқа», «Серпер»,  Тәттімбеттің  сырлы  сезімге бөлер «Сарыжайлауы» мен «Солқылдағы», Дәулеткерейдің  құйқылжыған «Құдашасы» тамырында қазақтың қаны бар жанды тебірентпей қоймайды.

                Кезінде бабаларымыз домбыра  білмей-ақ ғасырлар қойнауынан шашау шығармай, саф  күйінде жеткізген мұрамызды техникасы дамыған мына заманда жас ұрпақтың бойына сіңіре алмасақ бізге сын.

Бағдат  Тлеухан.

 

Күнтізбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1250238