КЕРЕМЕТІ КӨП КИЕЛІ АҒАШ

14.07.2020ж

Жазиралы Жаркент десек көпшіліктің ойына бірден киелі Әулиеағаш оралары анық. Өңіріміздегі жеті ғасырдан бері өсіп тұрған, тамыры тереңде жатқан алып ағашты білмейтін адам кемде-кем десек артық айтқандық болмас.

Жеті адамның құшағы әрең-әрең жететін алып ағашты төрткүл дүниенің үш қана жерінен кездестіруге болады. Бірі – көрші Қытайда болса, екіншісі – Меккеде, ал үшіншісі біздің мекеніміздегі «Әулиеағаш».
Жалпы бұл киелі ағаштың пайда болуы туралы ел аузында көптеген алыпқашпа аңыздар бар. Соның біріне тоқталып өтсек, Тәңірдің сүйікті деген 7 құлы осы өлкеден Меккеге қарай өткен екен, сол жеті кісінің ішіндегі Жаратқанның ықыласына бөленген біреуі жатар уақытта аса таяғын жерге қадап қояды. Таң ата әлгі асасы тамыр жайып, көктеп кетіпті. Бұл кереметке таң-тамаша болып, Аллаға шүкіршілік етіп тұрғанда, «асаға тиме, өссін» деген аян алады. Осыдан кейін ағаш терең тамырлап, бүгінге дейін жетіп, 700 жылды артқа тастап жайқалып өсіп тұр. Тағы бір әңгімеде Бейбасы атты көпес Ұлы Жібек жолы жанданып тұрған уақыттары Меккеге арнайы саудамен бара жатып, осында тынығып алмаққа бекініп, қолындағы таяғын шаншып қояды. Ертеңгісін оның орнында жайқалған ағашты көріп, тимей өз жолымен кеткен екен деседі. Қарағаштар ары кетсе 60-70 жыл ғана жайқалып тұратындықтан, бұл киелі ағаштың әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқанына ғалымдардың өзі таңданып отыр.
Мұнымен қоса, жергілікті халық ішінде киелі ағаштың киесі ұрады, пенденің тілегін қабыл алатын ағаш деген секілді тәмсілдер көптеп айтылады.

Күнтізбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1237733