"Жетісу АРТ"жобасы іске асуда

10.08.2020ж

Ағымдағы жылдың 4-30 тамыз аралығында Талдықорған қаласында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп "Жетісу АРТ"жобасы іске асырылады.

 Жетісу астанасында "қазіргі заманның батырлары"тақырыбында тұрғын үйлердің қабырғаларына суреттер салынатын болады.

Заманауи Граффити өнері Covid-19-ға қарсы күрескесіп жүрген бүгінгі күннің батырлары, дәрігерлер, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын және Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге арналады.

Жоба бойынша жас және креативті суретші Еркеғали Иманғали, сондай-ақ Жазира Жұмабаева мен Жадыра Отарбекова сынды шығармашылық топ жұмыс істеуде. Олар І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін дизайнер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1427524