Тұғырлы алтын бесігім

21.08.2020ж

Туған жер – адам өмірінде киелі орын саналады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан ошақ басынан басталады.

Туған жер, туған көше, туған қала мен үшін туған жер. Мен үшін аса қымбат жер Жаркент қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап таған көшені, есіктің алдында «атаңның үйге кір деген» сөздері еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.
Қазір бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем қашанда ыстық болып қала бермек. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмаған, керіліп жатқан керейшық кең дала мені сабырлық пен салмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиелейді. Ай жаның тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі-берлі сипап өтіп, қытығыңа тиетін. Барары мен келер жері беймәлім ерке жел - еркіндікке үйретсе, сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен – ару бір байыппен сылдырап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды. Төбесі көкті тіліп бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, жайқалған жасыл желігінен өмірге сүйіспеншілікті, жылы жүзділікті қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқоршылықты үйрендім.
Қарап тұрсақ адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп, сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп, тұла бойың шымырлайтындықтан да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар.
Туған дала төсіне жүгіріп шығып, о шеті мен бұл шетіне көз жүгіртіп, айналаңа көз салсаң, ақиық ақын М.Мақатаев атамызша «Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер»-демеске еш шараң қалмайтындай.
Жайна СҮЙІМБАЙ,
ҚазҰУ журналистика факультетінің 2-курс студенті.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1421479