Алты алаштың ардағы

28.08.2020ж

20 ғасыр басындағы Алаш  рухының айбыны мен айбары болған мәдениет және саясат қайраткерлері шоғырында ұлы перзенті Қошке Кемеңгерұлының әдеби және ғылыми мұрасының маңызы үлкен мәнге ие. Қыр перзентінің шығармашылығын  зерттеуші    Дихан Қамзабекұлы атап өткендей, «Алашты өркениетке дендеген XX ғасырдың бас ширегінде талпыныстарда Қошке сынды азаматтардың  еңбегін  айналып өту   мүмкін   емес».

 

      Қошке Кемеңгерұлының  түрлі саладағы зияткерлік ізденістері ұрпақтар сабақтастығына орай, шын мәніндегі қазақ зиялы қауым санаткерлері ұстанымына сай дамып отырған қайталанбас айрықша сипатты танытады. Ол - ұлтына қызмет етуді өмірлік мұрат  етіп  ұстанған дарындардың өнерпаздық болмысында тоғысып жатқан әмбебаптық қасиет пен тереңдік, өз ісіне деген шынайы кәсіби сүйіспеншілік пен адалдық Алаш  ренесансын айқындаған отаншыл ұлт зиялыларына тән хас қасиеттерді коммунистер билігі күштеп таңған қатар уақыттың имансыз саясаты асқақ тұғырынан шайқалта алғаны жоқ.

     Қошке Кемеңгерұлының сан қатпарлы шығармашылығы Алаш санаткерлерінің рухани және саяси арнадағы іргелі  ізденістерінің заңды жалғасы  бола отырып, отаршылдық қысымдағы қазақ ұлтының руханият әлемінің болмыс бітімін тарихи тұрғыдан  нақты зерттеу өзегіне алуымен дараланады. Қошке Кемеңгерұлының парасатты пайымдары еншілдік ілкі қасиеттерді санамызда жаңғыртумен құнды.

                С.Жұмағұл,

ғылыми қызметкер.

Күнтізбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1414413