Ел болашағының нұрлы негізі
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2020 03:58
- Автор: Super User
- Категория: Рухани жаңғыру
- Қаралды: 220
18.09.2020ж
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ білуі тиіс.
«Жаркент мешіті»-XIX ғасырға жататын сәулет өнер ескерткіші. Ол жазиралы Жаркент өңірінің көз жауын алар көркем жәдігері.
Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 1887 жылдан 1890 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және басты кіру порталы салынды. Екінші кезеңде 1891 жылдан 1892 жылдар аралығында медресе ғимараты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инжинер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер, бірді-бір тұтқалар (скобы) қолданылмады. Бағандар тастарға отырғызылған, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген. Кешеннің тағы бір негізгі бір бөлшегі болып, мешіт-мұнарасы салынған басты кіру-порталы болып табылады. Оның жазулары трафаретсіз қылқаламмен жазылған.
Мешіт қабырғасы шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған.
Жаркент мешіті біздің ауданымыздың сәулет-көркемөнер мұражайының сымбатты ғимараты.