Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2020 04:07
- Автор: Super User
- Категория: Рухани жаңғыру
- Қаралды: 231
18.09.2020ж
«Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «IQ DODA» зияткерлік ойынын іске қосады!
Ойынның мақсаты – Елбасы идеяларын біріктіру, қазіргі заман талабына сай интеллектуалды даму.
Конкурсқа қатысу ережелері мен шарттары:
1. Командада 5 адам болуы керек;
2.Команда қатысушыларының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс;
3. Команданың атауын ойлап тауып, қалаңызды немесе ауданыңызды көрсетуіңіз керек;
4. Ойын классикалық 7 раундтан тұрады;
5. Капитандар әр турдан кейін толтырылған жауап қағаздарын ойын ұйымдастырушыларына беріп отырады:
6. Қатысушылар барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс (медициналық бетперде, антисептик).
Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Ойын 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде өтеді.
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!!!