Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

 18.09.2020ж

«Алматы облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «IQ DODA» зияткерлік ойынын іске қосады!

 

   Ойынның мақсаты – Елбасы идеяларын біріктіру, қазіргі заман талабына сай интеллектуалды даму.

   Конкурсқа қатысу ережелері  мен  шарттары:

1. Командада 5 адам болуы керек;

2.Команда қатысушыларының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс;

3. Команданың атауын ойлап тауып, қалаңызды немесе ауданыңызды көрсетуіңіз керек;

4. Ойын классикалық 7 раундтан тұрады;

5. Капитандар әр турдан кейін толтырылған жауап қағаздарын ойын ұйымдастырушыларына беріп отырады:

6. Қатысушылар барлық санитарлық талаптарды сақтауы тиіс (медициналық бетперде, антисептик).

     Зияткерлік ойын қазақ және орыс  тілдерінде  жүргізіледі.

     Ойын 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де,  Панфилов  ауданы, Жаркент қаласындағы аудандық Мәдениет үйінде өтеді.

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!!!