Мәдени орталық бой көтерді

Қараша айының 21-і күні Қытай Халық Республикасының аумағында халықаралық мәдени орталығы  ашылды. Көпқабатты  зәулім ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстаннан барған делегаттармен бірге көрші елдің өкілдері де  қатысты.

Ғимараттың ашылу салтанатына қатысушылар бірінші қабаттағы сауда нүктелерін аралап көрді. Ал  екінші  қабаттағы мәдени  көрмелер ерекшелігімен көз тартады. Халықаралық мәдени орталықтың 3-4 қабатында келушілерді күтетін арнайы залдар бар. Онда   көлемі   үлкен    экраннан         кинофильмдер   көрсетіліп, сахнадан  концерт  тамашалауға мүмкіндік бар. Ғимараттың үстіңгі қабаттарында қонақ үй, асхана,  кәсіпкерлер арасында келісім, кездесу жасау сияқты шараларды өткізетін  арнайы орындар қарастырылған. Шара барысында  кең дастархан басына отырғызып қонақжайлылық танытқан көрші ел азаматтары концерттік бағдарламаларын көрсетіп,  экраннан бүгінгі таңдағы жетістіктері жөнінде фильм  көрсетілді. Халықаралық мәдени орталығының директоры Ваң Ен ханым алдағы уақыттарда Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық, мәдени байланыс сияқты қарым-қатынастардың жақсара беретініне сенетіндігін айтты.

                Салтанатты  шара  барысында азаматтардың сүйек, буын ауруларын емдейтін шығыс медицинасының профессоры Го Юн Чаң мырза мәдениет орталығының директорымен келісім шартқа қол  қойды. Алдағы  уақытта  бұл  жерде медицина орталығын  ашу  көзделуде. Шанхай қаласының озық медициналық жетістіктерін игерген дәрігерлер қазақстандық азаматтарды да емдеуге дайын. Олар жұмысты жаңа жылдан кейін қарқынды түрде бастамақ. Қазірдің өзінде орналасатын ғимараттарын әзірлеуде. Алдағы уақытта шекара маңында Қытай мәдениеті мен медицинасы Қазақстанмен ынтымақтастықта  жұмыс жасауды мақсат етеді деп күтілуде.

                Мәдени орталықтың ашылу салтанатына Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудандық ішкі саясат бөлімінен, туризм саласынан, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мекемесінен, медицина қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысқан бұл шараның басы-қасында Жаркент  қаласының  әкімі  Е.Нұрахметов  болды.

                Халық  игілігі  үшін  істеліп  жатқан  ізгі  шараны  көршілес екі  елдің өкілдері қуана қабылдады.

                Жұмағазы   Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 731167