«Туған елге мың алғыс!»

26.02.2021ж

Ұлтпен ұлыстың басы қосылған киелі шаңырақтың керегесі кеңге жайылып, уықтары қадалып, түндігі түрілген кез ол - Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Егмен ел үшін бұл күн аса қастерлі. Тәуелсіз мемлекеттің мерейін асқақтатқан мезетпен тұспа-тұс «Алғыс айту» күніде қатар келуде.

 2016 жылдың 16 қаңтары, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп жарлыққа қол қойды. Міне, шешім қабылданған сәттен бастап аттай 5 жыл. Содан бері  аталған мереке өз деңгейінде аталып өтуде.

"Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болуы мүмкін", - деп Елбасы кезінде өз пайымымен бөліскен еді. Көрегенді көшбасшының көкейіндегі ойы шындыққа айналды.

Әртүрлі этнос өкілдерінің басы қосылған Қазақстан үшін ерекше мерекені абыроймен атқару , әр өлкеге міндет екені даусыз. Осы орайда, Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алғыс айту күнін мерекелеу аясында "Туған елге-мың алғыс!", атты жалпы ұлттық эстафета басталғанын атап өткен абзал.

  «Эстафетаның қатысушылары әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап бөліседі. Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді «Туған елге мың алғыс!» атты челленджге қатысуға шақырамыз»,-деді «Қоғамдық Келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Бауыржанұлы.  

Сонымен қатар, 1 наурызда Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегіндегі "Қазақ халқына мың алғыс" монументінің жанында жыл сайынғы салтанатты митинг өтеді. Сол күні Талдықорған қаласының оқушылар сарайында" Үлкен Ел - Үлкен отбасы "жобасы аясында Алғыс айту күніне арналған" Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз!"атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық форум өтетінін болады.

Сондай-ақ, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп "қайырымдылық керуені: 30 игі іс" қайырымдылық марафоны басталады. Осы марафон аясында 2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Алматы облысында ҚХА қайырымдылық акциялары өтеді. Қорыта айтқанда, бұл күн – қайырымдылық дәстүрлерін, ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау және тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болмақ.  

Күнтізбе

« Сәуір 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 1765097