Білімнің салтанат құруы

Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйекті мақаласында  «білімнің салтанат құруы» жайында ой қозғайды. Әрбір мемлекеттің  дамуы үшін, ең  алдымен дамуға ұмыталын, жаңашылдыққа жолы ашық халқы болуы керек емес пе?! Ал даму үшін ең алдымен білім керек. Міне, осы тұрғыда әрбіріміздің көңілімізде білімнің салтанат құруы шарт.Сондықтан да Елбасы ең алдымен білімді болуды дәріптейді.

 

                Ұлттық сананы дамытуда болмасын, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда болмасын жастардың алар орны ерек. Өйткені олардың ойы жас, барлық дүниені үйренуге құштар, сонымен қатар болашағы алда.  Білімді болу біздің қанымызда бар қасиет екенін Елбасымыздың өзі атап өтті. Осыған орай Елбасы ұсынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін арттыруда үлкен қолдау  болмақ.  Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткізетініміз де мақалада анық көрсетілген.

                Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті», - дейді Н.Әбішұлы осы мақаласында.

                Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Біз де осы үдеден шығамыз деген сенімдеміз.

 Дәурен  Нұрпейісов,

Сұптай орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі.

 

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net