Сананы жаңғыртудың алғашқы қадамы

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 

Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.

         Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

         Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең   бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.Еліміздің әрбір тұрғынын ойландырған латын әліпбиіне көшу мәселесі асқан жауапкершілікті талап етеді.Себебі,келешек ұрпақтың  күндері арайлы болуына  негізделген жаңа әліпби қазақ тілінің тамырын терең жаюына ықпал етері анық. Ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешімін тауып,Елбасының өзі қолын қойып,бекітіп берген жаңа латын әліпбиінің жобасында 32 әріп бар.Қоғамдық талқылау кезінде түскен ұсыныстарға орай дайындалған әліпбиде қазақ халқына тән « ә,ң,ғ,ү,ө» әріптері мен «и,й,ш,ч,у» сияқты ортақ әріптер шекесінен үтірмен белгіленетіні анық көрсетілген. Осы әліпби қазақтың көркем де бай тілін жеткізуде еш қиындық тумайды деп ойлаймын.

         Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына  жол ашады демекпін.

К.ТУРАБОВА,

Луначарский атындағы орта

мектеп-гимназиясының қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі .

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net