Көненің көзіндей болған әулиеағаш

Ауданымыздағы тарихы  тереңде жатқан «киелі» деп саналатын орындар баршылық. Солардың бірі жазиралы өңiрiнде өсiп тұрғанына жетi ғасыр болған алып ағаш. Жергiлiктi жұрт оны «Әулиеағаш» деп атайды. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар дейдi. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен.

 

Кезiнде бұл жерден Құдайдың жетi сүйiктi құлы Мекке- Мединаға сапар шегiп өткен деседi. Солардың iшiнде Шамашұрып деген Алланың нұрына шомылған әулие жатар мезгiлде қолындағы аса таяғын жерге шаншып қойыпты. Әулие сахарда тұрып қараса, әлгi түнде жерге қадап қойған асасы көктеп, тамырланып кеткен екен. Жаратқанның шексiз құдiретiне таң қалып, сансыз мақтау айтып тұрған Шамашұрыптың жүрегiне «Тиме, өсе берсiн!» деген аян келiптi. Мiне, содан әлгi асатаяқ көгерiп, қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге тартып, жайқалып өсе бередi. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атайды. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады.

         «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады екен. Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген  сулар түрлі ауруларға ем деседі.

Әулиеағаш ауылының тұрғындары қуаңшылық болғанда осы

ағаштың басына келiп тасаттық бередi.Киелi ағаштың қураған бұталары

осы тасаттық кезiнде ғана ас пiсiруге отын ретiнде пайдаланылады.Киелi

ағашты қаумалай, қоршай өскен тұтас бір орманның барлығының бастарын батысқа қарай иіп, сәждеге тұрғанын көргенде еріксіз бас шайқайсың. Киелі даланың кереметтерінің көп екендігіне тағы да көз жеткізгендей боласың. Осындай атадан –балаға мұра болып келе жатқан киелі орындарды келер ұрпақ қадірлеп ,қастерлеуі керек.

Г.БАТЫРБЕКОВА,

Луначарский атындағы орта

мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net