Жаңа әліпби жаңа белес

Қазан айының 26-шы  жұлдызы латын әліпбиіне көшуді түсіндіру мақсатында облыста құрылған топ ауданымызда болып, бірқатар ауылдық округтерде ақпараттық-түсіндіру жиындарын өткізді. Ақпараттық түсіндіру тобының мақсаты – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін кезең-кезеңімен түсіндіру, халықтың жаңа әліпбиге деген көзқарасын, ұсыныс-пікірлерін  тыңдау.

 

            Топ мүшелері аудан орталығынан екіге бөлініп, ауылдарда түсіндіру жұмысын жүргізді. Бірінші топ аудан орталығында және бірқатар округтерде жұмыс

істесе, екінші топтың жұмысы Үлкеншыған ауылдық округінен басталды. Мұндағы жиынды

Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі М.Оспанбеков ашып, жиынға мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, мұғалімдер, ауыл тұрғындары қатысты.

            Топ мүшелерінің қатарында «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің директоры М.Базарұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.Ж үкенаева, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі Т.Рахымбердиева, облыстық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Э.Досаева, облыстық «Жетісу» теларанасының ақпараттық бөлім жетекшісі, журналист Е.Айдабосын, облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі А.Жайлаубаева бар. Алғашқы сөз кезегін осы тақырыпты зерттеп жүрген І.Жансүгіров атындағы ЖМУ аға оқытушысы Г.Төлеуқызы алып, латын әліпбиі – өткенімізге оралу екендігін айтып, бекітілген әліпби жобасын түсіндіріп өтті. Журналист Е.Айдабосын да осы тақырып турасындағы ойларымен бөлісті. Осыдан кейін топ мүшелеріне ауыл тұрғындары әліпби төңірегіндегі толғандыратын сұрақтарын қойды, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Оның ішінде «Латын әліпбиіне көшкенде ұлттық мектептердегі жағдай қалай болмақ?», «Іс-қағаздарды жүргізу, баспасөз, теларна толығымен жаңа әліпбиге қашан өтеді?», «Аға буынға жаңа әліпбиді үйретуде қандай іс-шаралар атқарылады?» деген сияқты халықтың көкейінде жүрген сұрақтар болды. Өз кезегінде ақпараттық-түсіндіру тобы осы сауалдарға қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарды.

            Осындай түсіндіру жұмыстары түстен кейін Пенжім, Көктал ауылдық округтерінде де жалғасын тапты. Жалпы топ өз мақсатына жетті деуге болады.

Себебі халық жаңа әліпбиге көшудің маңызын түсінді, оның болашақ ұрпақ үшін үлкен рөл атқаратынына көз жеткізді.

Ж.Кенжебек.

 

 

 

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net