Ұлт болашағының бағдары

«Жаңа жағдайда  жаңғыруға деген iшкi ұмтылыс – бiздiң дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмiр сүру үшiн өзгере бiлу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көмiлiп қала бередi»- деген Елбасының нақты ісі сай ұлттың болмасын көкейін теседі деп сенімді айта аламын. Қазаққа да, қазақпен тағдырын қосқан өзге этнос өкiлдерiне де ең алдымен керегi – осы.

Өйткені сынаптай сырғыған уақыт ешкiмдi күтiп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзi сияқты жалғаса беретiн

процесс. Екi дәуiр түйiскен өлiара шақта Қазақстанға түбегейлi жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудiң теңдесiз тарихи мүмкiндiгi берiлiп отыр. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемi дамып отыратын тiрi ағза iспеттi. Ол өмiр сүру үшiн заман ағымына саналы түрде бейiмделуге қабiлеттi болуы керек. Елбасы осы мақаласында бәсекеге қабiлеттi болуымыз үшiн қандай қадам жасап, бұқаралық сананы қалай өзгертуiмiз керектiгiн ашып көрсеткен. Президент егер жаңғыру елдiң ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынын айтып, ХХI ғасырдағы ұлттық сана туралы ойларын ортаға салған. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелiк қабiлетiмен айқындалады. Сондықтан, әрбiр қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлiк сауаттылық, шет тiлдерiн бiлу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркiмнiң алға басуына сөзсiз қажеттi  алғышарттардың санатында. Жаңа жаһандық үрдiстер ешкiмнен сұрамай, есiк қақпастан бiрден төрге озды. Сол себептi, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тiлде бiлiм беру», «Мәдени және конфессияаралық келiсiм» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Бағдарламада жаһандық әлем дамуынан хабардар болу,жаһандық әлемге еркiн кiрiгiп, жұмыс iстеу үшiн ағылшын тiлiн жаппай және жедел үйренуiмiз керек екенi айтылды. Бiз алдағы бiрнеше жылда гуманитарлық бiлiмнiң барлық бағыттары бойынша әлемдегi ең жақсы 100 оқулықты әртүрлi тiлдерден қазақ тiлiне аударып, жастарға дүниежүзiндегi таңдаулы үлгiлердiң негiзiнде бiлiм алуға мүмкiндiк жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзiнде студенттердi осы оқулықтармен оқыта бастауға тиiспiз. Ол үшiн қазiргi  аудармамен айналысатын құрылымдар негiзiнде мемлекеттiк емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкiметтiң тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиiстi жұмыстарға кiрiсе бергенi жөн.  Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгiнгi күн мен жарқын болашақтың көкжиектерiн үйлесiмдi сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.Жас ұрпақ жаңғыру жөнiндегi осынау ұсыныстардың  маңызын терең түсiніп, өмiр сүру үшiн заман ағымына саналы түрде бейiмделуге қабiлеттi болуы керек.Заманға сәйкес жаңғыру мiндетi барлық мемлекеттердiң алдында тұр.

Ш.Базылбекова,

А.Луначарский атындағы орта

мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

 

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net