Жаңаш білім беру-заман талабы

Елбасымыздың Жолдауында  айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика  ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі ө з г е р і с т е р г е  ұшырауда.

Соған орай оқытудың п а р а д и г м а с ы өзгерді. Білім берудің мазмұны ж а ң а р ы п , жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы б о л ғ а н д ы қ т а н  осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын. Панфилов ауданы «Х. Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2014  жылғы 21 тамыздағы № 358 бұйрығымен бекітілген 2014-2017 жылдарға белгіленген жаңартылған білім беруге көшу іс-жоспарына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты мен орта білім беру мазмұнын жаңарту, оқулықтар мен критериалдық бағалау бойынша апробация жүріп жатыр.

            Апробация биылғы жылы жалғасып, қазіргі кезде ол оқушылар 3 сынып бойынша оқулықтарды сынақтан өткізуде. 2017-2018 оқу жылында бізге «Атамұра» баспасынан «Ана тили», «Әдәбий оқуш», «Бәдиий әмгәк», «Русский язык», «АКТ»; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» баспасынан «Қазақ тілі», «Русский язык», «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Музыка»;  «Алматыкітап» баспасынан «Математика», «Русский язык», «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «MM Publications», «Express Publishing» EDU Stream баспаларынан «Ағылшын тілі», «Арман - ПВ» баспасынан «АКТ» оқулықтары келді. Бұл оқулықтар безендіру жағынан талапқа сай, барлық пәндер түрлі- түсте, оқушылар үшін

қолайлы әрі тартымды. Ата - аналар арасында да микрооқыту өткізіліп, оқулықтармен таны-

стырылды. Апробация жүргзіліп жатқан сыныптағы бастауыш сынып және пән мұғалімдері осы оқулықтарды,  дидактикалық және әдістемелік материалдар пайдалану арқылы сабақ өткізуде.

             Мектебіміз Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығымен, На-

зарбаев Зияткерлік мектебімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Мұғалімдерімізге

әдістемелік жағынан педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Г.Төреханова мен Талдықорған қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері көмек көрсетіп, шеберлік сынып, тренингтерді өткізуде. Мектеп ішінде кәсіби даму бағытында апта сайын апробация сыныбының  мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі кездесіп,

апта қорытындысын шығарып, кездескен кедергілер және оны шешу жолдарын талдау жасайды.

            Тоқсан соңында әр сыныптың жұмысын талдауы мұғалімдер үшін өз жұмысын қорытындылауға мүмкіндік жасайды. Бағдарламаның мазмұны мен ерекшелігіне тәнті болғанымызбен; сынама оқулықтарда оқу бағдарламасына сай келмейтін кейбір тапсырмалар кездеседі. Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы мен қызығы аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерге күмән келтірмей, мақсатқа сай нәтиже аламыз деп сенемін.

Бахытжан Разиев,

Х. Хамраев атындағы орта мектеп

директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары.

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net