Латын әліпбиі - жаңа дәуір талабы

Латын қарпіне көшу  заман талабы болғандықтан, xалыққа осы жайлы кеңінен ақпарат беру мақсатында Алматы облысында "Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы" атты жұмыстобы құрылған. Оның құрамындаоблыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастаған тіл анашырлары мен зиялы қауым өкілдері бар.

 

            Топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын Ақсу, Сарқан аудандарынан бастап, облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдармен аяқтады. Соның ішінде Шатырбай ауылының мәдениет  үйінде ұйымдастырылған жиын xалықпен ашық сұxбат ретінде

өтті.

            "Біз болашағымыздың жарқын әрі мәнді болғанын қалаймыз. Ал  латын әліпбиі барлық есікті ашатын алтын кілт сияқты. Себебі, балаларымыз келешекте сауатты болуы үшін осы қаріпке  көшуіміз керек. Әлемнің 80%-ы  осы әліпбиді таңдаса, бізде басқа  елдермен терезелеріміздің тең тұрғанын қалаймыз. Елбасының  саясатын қолдаймыз" - деді ауыл  тұрғыны Қалиева Бақытгүл. Сонымен қатар, жиында жұмыс тобының белді мүшесі  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының оқытушысы Сайлау Қажыбекұлы  да сөз сөйледі.

            -Латын әліпбиіне көшу тілдің  әуездігі мен сөйлеу әуенін бір  қалыпқа түсіреді әрі, кірме сөздердің айтылуында табиғи заңдылықтар сақталады. Қазақ  тіліндегі ережелерге бағынбайтын заңдылықтарды жояды. Яғни қалай айтылса солай жазылады. Ең бастысы, ақпараттық  технологияның заманында жүйелі, ортақ әліпби болады, - деді ол. Айта кетейік, жұмыс  тобы Алматы облысының барлық  ауданын қамтымақ.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net