Латын әліпбиіне көшу келешек ұрпақ үшін маңызы бар өзгеріс

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіру жұмыстарын бастау керектігі туралы айқындап бергені  белгілі.

 

Жаңа ұлттық әліпбиіміз- тағдыр сыйы, болашақтың бағдары, бұл – халық таңдауы. Қазақстан халқы әртүрлі жағдайларға байланысты соңғы мыңжылдықта дербес әрі ерікті түрде дәл осындай маңызды шешімді алғаш рет қабылдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің тарихи – бағдарламалық  мақаласында ежелгі заманда ата – бабаларымыз көне түркі руна жазуын пайдаланғаны жөнінде  атап өтті. 

Қазақстан ширек ғасыр ішінде жаңа ұлттық жазу мәселесін жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар мен әр алуан қоғамдық пікірді беру үшін  Елбасы бір емес, бірнеше рет арнайы тапсырма берді.

Қазіргі уақытта алдымен экономика, содан соң саясат бағдарламасы нәтижелі жүзеге асқаннан кейін, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев латын графикасына көшу туралы тарихи маңызы зор шешім қабылдады.

Бағдат БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net