Атамекен аясында

Сонау қиын-қыстау  «ақтабан шұбырынды» жылдары  жан сауғалап шет елге ауып кеткен қандастарымыз тоқсаныншы жылдың  басынан бастап тарихи Отанына орала бастағаны баршаға мәлім.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының  арқасында шет елде тарыдай шашылған қазақтар тарихи Отанына оралуларына мүмкіндік алды.  Міне, жиырма жылдан астам  уақыттан бері Қазақстанға бет алған Ұлы көш әлі жалғасуда.

 

Қыркүйек айының 28-і күні Жаркент өңірінде тұратын оралмандар «Қоныс ойын» тойлап, салтанатты шара өткізді. Өсек өзенінің батыс жағалауындағы жасыл желек көмкерген табиғаттың көрікті жеріне тігілген ақ шаңқан киіз үйлер алыстан мен мұндалап көз тартады. Мерекедегідей безендіріліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылған. Онда қазақтың ұлттық киімдері, тұтынатын бұйымдары мен түрлі әшекейлер қойылған.

Сондай-ақ оралман  Күлчира Азатқызының сурет көрмесі көпшіліктің назарын ерекше аударды. Онда әр түрлі тақырыптардағы суреттер қылқалам шеберінің ерекше талантын айғақтап тұрғандай.

Салтанатты шараға тарихи  Отанына оралған қанадстарымызбен арнайы шақырылған азаматтар, ардагерлер, қала және ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.

            Аталған «Қоныс тойында» Сахали Мұса атты азамат баяндама жасап, Елбасына және аудан басшыларына көрсеткен қамқорлықтары үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ бүгінгі таңда оралмандар еліміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға өз үлестерін қосып жүргендіктерін де баяндады. Жастарды жұмыспен қамту, баспана мәселесін де қамтып өтті.

Оралмандардың «Қоныс тойында» сөз алған аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев бұл шараның мағыналы  да мәдени іс екенін айта келіп, елдің ауызбірлігі мен сыйластығы және  ұлтаралық татулық мәселелеріне тоқталды. Тарихи Отанына оралған қандастарымызды «Қоныс тойымен» құттықтады.

Бүгінгі таңда ауданымызда 1550 оралман тұрады. Олар аудан тұрғындарымен бірге Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» және  «100 нақты қадам» бағдарламалық мақалаларының бағытымен еңбек етіп келеді.

Шара барысында ауданымыздың «Құрметті азаматы» Сағымбек Үшбаев, оралман Көмек Жүсіп сөз алып ізгі тілектерін білдірді. Ешен Мамайхан атты қария «Қазақстаным» атты өзі шығарған күйді орындады. Көркемөнерпаздардың орындауында ән айтылып, би биленді.

Арада ақындар айтысы да өтті. Шара соңында палуандар күресіп, тас көтеру сияқты спорттық ойындар өтті.  Қ а н д а с т ы р ы м ы з д ы ң   қоныс  тойына  келушілер берекелі  дастарқаннан  дәм  татып  аттанды.

Жұмағазы БЕЙСЕБЕК.

 

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net