"Рухани керуен"-Жаркент жерінде

Сонау қиын-қыстау «ақтабан шұбырынды» жылдары жан сауғалап шет елге ауып кеткен қандастарымыз тоқсаныншы жылдың басынан бастап тарихи Отанына орала бастағаны баршаға мәлім.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының  арқасында шет елде тарыдай шашылған қазақтар тарихи Отанына оралуларына мүмкіндік алды.Міне, жиырма жылдан астам  уақыттан бері Қазақстанға бет алған Ұлы көш әлі жалғасуда.  Қыркүйек айының 28-і күні  Жаркент өңірінде тұратын оралмандар «Қоныс ойын» тойлап, салтанатты шара өткізді. Өсек өзенінің батыс жағалауындағы жасыл желек көмкерген табиғаттың көрікті жеріне тігілген  ақ шаңқан киіз үйлер алыстан мен мұндалап көз тартады. Мерекедегідей  безендіріліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылған. Онда қазақтың ұлттық киімдері, тұтынатын бұйымдары мен түрлі әшекейлер қойылған.

Сондай-ақ оралман  Күлчира Азатқызының сурет көрмесі көпшіліктің назарын ерекше аударды. Онда әр түрлі тақырыптардағы суреттер қылқалам шеберінің ерекше талан-

тын айғақтап тұрғандай.

Өз тілшіміз.