Ұстаз-ұлы есім

http://turizm-hit.ru/

Елімізде жыл  сайын ұстаздар күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Биыл да қазан айының 11 күні аудандық

Мәдениет үйінде ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

 

            С а л т а н а т ты шарада аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов баяндама жасап, барша  ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай- ақ аудан көлемінде білім беру саласын-

да атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткен жетістіктерге тоқталды. Облыстық және республикалық

байқауларға қатысып жүлделі орындарға   ие болған талантты ұстаздардың есімдері құрметпен аталды.

Баяндама барысында үлгілі балабақшалардың жұмыстары да аталып өтті.

            Аудан әкімінің орынбасары Ш. Құрбанов үлгілі ұстаздарды марапаттады және жас мұғалімдерге еңбек кітапшасын салтанатты түрде табыстады.

            Ұстаздар мерекесінде өнерпаздардың көңілді концерті тамашаланды.

Б. ЖҰМАҒАЗЫ.