Ел боламын десең-бесігіңді түзе...

Ұлы жазушымыз Мұхтар  Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген саф алтындай салмақты  сөзі бар.Тәрбие - тал бесіктен дейміз. Ендеше, бүлдіршіннің тәрбиесі –ең алдымен отбасыдан, содан соң балабақшадан бастау алуы тиіс. Бұл – бұлжымайтын қастерлі қағида. Қағиданың қастерлі де,өміршең болуы – тәрбиешілер мен ұстаздардың қолында.

            Бұл орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйекті мақаласында: Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім мен тәрбие әрдайым бірінші орында тұруы шарт» делінген.

            Біздің «Ертөстік» балалар бақшасында 120 бала тәрбие алып жатыр. Айнұр Ошақбаева басқаратын ұжымдағы Қарлығаш Нұрсейітова, Нұрзила Нұрғалиева сияқты тәлімді тәрбиешілер мен Балжан Серікқажықызы сын-ды әдіскерлердің бүгінгі таңдағы еңбегі атап өтуге лайықты.

Балабақша ұжымы бұдан былай да өздеріндегі өнегелі іс – шараларды  жарастылығымен жалғай беретін болады.

Құралай Әбілхасенова,

«Еркем-ай» тобының тәрбиешісі,

Әулиеағаш ауылы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net