Арманымның ақ құсы

Менің бала күнімнен   арманым – журналист болу. Иә, сәби кезімнен өзіме ұнап, жоғары сыныпқа көшкен сайын көңіліме бекіген, келешегімнің жарқын болуына, бар мақсаттарымның орындалуына бағдаршамдай бағыт берген, ең бастысы өзіме қатты ұнайтын мамандық осы. Журналист – көптің көкейіндегіні айта алатын, елдің мұңын, жұрттың жоғын жоқтайтын, қарапайым халықтың арман-тілегінің орындалуына түрткі бола алатын жан. Журналистерді дауылпаз ақын Махамбеттің «қатепті қара нары» дер едім.

 

            Төрткүл дүние төрінен жаңалықтар таратып, толағай табыстарды шаттана жеткізетін бұл мамандықты мамандықтың төресі десем, асыра айтқандық болмас. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалған Бөлтірік шешен: «Бұл өмірдің мәні – Сіз бен біз» деген екен. Иә, қаламы қарымды, жанары жалынды журналист атанып, қоғам мен халықтың арасына көпір болсам, сіз бен біз үшін қызмет етсем, менен асқан бақытты жан жоқ болар, сірә.

            «Өмір – теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деп, Рудаки айтқ андай, жаны ізгі  журналист болу – менің арманым. Сол арманымды шындыққа жанастыру үшін мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдадым. Қазіргі таңда осы оқу ордасының журналистика факультетінің 1 курс студентімін. Бұл университет еліміздегі терең білім мен нәтижелі жұмыстардың ордасы, журналистиканы ең үздік оқытатын оқу орны.

            Бірде, бір ойшылдан:  «Сіз қандай ұстазсыз?» деп  сұрапты. Сонда ұстаз: «Сен менің шәкірттерімді көр» деген екен. Сол сияқты осы университеттің шәкірттері еліміздің ең үздік мамандары, өз ісінің шеберлері. Мен осындай оқу ордасында білім алып жатқаныма аса қуаныштымын және өз басыма үлкен мәртебе санаймын. Енді алдағы уақытта

талмай биікке қанат қағып, қыран құсша шарықтап, ҚазҰУ-дің ең жақсы шәкірттерінің қатарынан көрінемін деген үмітім зор. Жұлдызың жоғары болсын, журналистика!

Б.Кеңесбай ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық университетінің

1 курс студенті.

А.Құрманбаева,

Әл-Фараби атындағы Қазақ

Ұлттық университеті

ф.ғ.к., доценті.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net