Тарихи танымдық жорық

Жас ұрпаққа білім мен  тәрбие беретін оқу орындарына қойылатын талап –тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеу, жастардың ұлттық сана – сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру, еліміздің  тарихи құндылықтарын құрметтеу. Ал ұлттық тәрбие берудің ең негізгі бағыттары – ана тілімізді сақтау, ұлттық қадір қасиетімізді дәріптеу, мәдениетімізді дамыту.

 

            Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әр бір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» - деп айтқан. Осы мақсатта Елтінді батыр атындағы орта мектебінде жылдық

оқу – тәрбие жоспарына сәйкес «Туған жерім - тіршіліктің тірегі» деген тақырыпта туристік – экологиялық, тарихи танымдық жорыққа шығу дәстүрге айналған. Арнайы сыныптан тыс жұмыстарда, оның ішінде үйірмелер, клубтар, секцияларда оқушылар білімдерін шыңдай отырып, оқу жылының соңында жылдағы дәстүрлі жорыққа аттанады. Жорықтың алдын - ала жоспары жасалынып, бағыт бағдары белгіленіп оқушыларға хабарланады. Біз төмендегі жорықтың бағыт бағдарын белгіледік 1.Ортабұлақ – суының ерекшелігі, тау бөктерінен шығып жатқандығы. Халықтың тұрмысына пайдасы, жан – жағын таза ұстау керек екендігі;  2.Қарабастау – Қарабас батырдың қазақ даласын жоңғарлардан азат ету кезіндегі көрсеткен ерлігі, қайтыс болғаннан кейін жерленген жерінің етегінен бұлақ суының шыққандығы туралы; 3.Бестөбе – Арқас тауының бөктеріндегі бес биік – биік төбені құрайтын, халықтың тұрмысына қолайлы жер екендігі; 4.Шетенді – шетен өсімдігі өсетін жайлау, өзіне тән өсімдіктері (дәрілік шөптер) мен жан – жануарлары туралы. Малшылармен әңгімелесу; 5.Алмалысу – Алмалы ауылының негізін қалаған көшпенді ата бабаларымыздың жаз жайлауы болғандығы, ол жерде қарағайдың көп өсетіндігі, ежелгі түркілерден қалған бал - балтастың сақталғандығы, сондай –ақ еліміздің шекарасын күзетіп тұрған «Алмалысу» заставасының сол жерге орналасқандығы; 6.Қызылауыз – жер қыртыстарының қызарып тұратындығы, тұзды бастауы, бал – балтастың

сақталғандығы; 7.Тасбастау – бастау суының ерекше суықтығы, малшылармен әңгімелесу; 8.Шилі бастау – бұлақ суының емдік қасиеті, ол жерде шидің көп өсетіндігі,   Орбұлақ шайқасында ерлігімен ерекшеленген Елтінді батырдың кесенесімен оқушыларды таныстыруды мақсат тұттық. Нәтижесінде 7 – сынып оқушылары Қуаныш Арнай облыстық «Зерде ғылыми жобалар жарысында» І – дәрежелі дипломмен, Нұрдаулет Амина «Аналар асыл жандар» республикалық балалар және жасөспірімдер байқауында «Қолөнер» номинациясы бойынша ІІ орын, Мұхамет Жайнагүл – 2003-2004 жылғы қыздар арасында өткен волейболдан Алматы облысының күзгі Чемпионатында ІІІ – орын, Яқия Дәулет грек – рим күресінен облыстық турнирде   І-орын алды. 8-сынып оқушысы Алмасхан Кәмшат Көкшетау қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала ұрпағымыз» атты патриоттар форумына қатысып, мақтау қағазына ие болды. 10- сынып оқушылары Нұрдаулет Мұхамет оқушылар арасында өткен облыстық пән олимпиадасында ІІІ – орын, Бердіғазы Жанна облыстық ғылыми жобалар байқауында ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды. Олай болса мектеп оқушыларының жоғары биіктерден көрінуіне оқу жылының соңында өткізілетін дәстүрлі туристік – экологиялық жорықтың  тигізген әсерінің зор екендігін айтқым келеді.

Н.Әлібаев,

Елтінді батыр атындағы орта

мектебі директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net