Бауырлас халықтарды біріктіретін әліпби

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан»  г азетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамда қызу талқыланып, әсіресе «латын әліпбиіне көшуді биылдан бастау керек» дегенін қазақ тілді қоғам қуана қолдауда.

 

            Жаңа латын әліпбиіне көшу жөнінде  еліміздің өңірлеріндегі тіл мамандары, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдіріп, барлығы бірауыздан бұл еліміздің жалпы дамуына қажетті қадам екендігін алға тартуда. Дүниежүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызынан астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан  үшін  латынға көшудің пайдасы өте көп. Мамандардың айтуынша, латын графикасы қазақ тілін халықаралық  дәрежеге көтермек, ең бастысы өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын төл дыбыстарымызды анық, айқын түрде айта аламыз. Біздің әліпбиімізге өзгеріс енгізетін уақыт келгенін заман өзі көрсетіп тұрғандай. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында жұмы¬ла жұмыстар атқарып келеміз. Қазір қолға алып жатқан жаңа бастамалардың бәрі тек бүгінгі күнгі ғана емес,еліміздің кемел келешегі жолында жасалып жатқан аса маңызды, әрі ауқымды істер деп білемін. Ендеше, Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ межеге қол жеткізуге барымызды салайық. Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңыз¬ды бетбұрыс. Сондықтан осындай жауапты қадамға әркім және баршаның атсалысқаны абзал. Телеарнада, газеттерде ой-пікір бөліскен мамандардың сөзіне құлақ ассақ, қазақ тілінің жаңа әліпбиінің бірыңғай стандарты біртіндеп енгізіледі, сондықтан оны меңгеру қазақстандықтарға қиынға соқпайды. Еліміздегі әрбір адамның оқып, үйреніп кетуіне өз басым ешқандай қиындық келтірмейтініне сенімдімін. Ауданымыз Жібек жолы бойында, шекаралық аймақта орналасқандықтан отандық өнімді әлемдік нарыққа шығаруға және еліміздің тасымал әлеуетін жүзеге асыруда өңірімізде шетелдік және бірлескен компаниялар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, Жаркент өңірі үшін латын әліпбиіне көшу кезек күттірмейтін іс. Өзге елдермен, инвесторлармен жұмыс істеу үшін бұл мәселенің маңызы зор. Біздің жазу-сызу құралдарымыздың, көшедегі жарнамамыздың, маңдайшалардағы жазулардың латын тілінде жазылуы тереземіздің ашылып, жақындай түсуімізге септігін тигізеді. Латынға оралу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүниежүзі халқының 70-80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеруге болады. Сондықтан біздер мұны үлкендердің аманаты, болашақ ұр¬пақ¬тың алдындағы міндетіміз деп қабылдап, жүзеге асыру үшін барымызды салуға тиіспіз деп ойлаймын.

М.Илипо в,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net