Болашағы бекем, киелі мекен-Жетісу

Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі қағидаларын насихаттау  мақсатында «Рухы бекем, киелі мекен-Жетісу» атты ғылыми-танымдық экспедиция мүшелері қыркүйек айының 19-ы күні аудан тұрғындарымен кездесті.

 

            Жаркент гуманитарлық- техникалық колледжінде өткен бұл кездесуді аудан әкімі Б.Абдулдаев ашып, жүргізіп отырды.    Кіріспе сөз сөйлеп, аудан тұрғындарына экспедиция мүшелерін таныстырған Бердәулет Ешенұлы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты ауқымды жобаны жүзеге асыру міндеті алға қойылғанын айта келіп, мәселенің  мәнін баяндады. Бейбіт бәсекеде  жұлдызы жарқырап, «Мәңгілік ел»  құру сынды ғасырлық мұратты орындауға тәуекел етіп отырған   жасампаз халқымызды рухани жаңғыруда бұл жобаны жүзеге асырудың маңызы зор екені сөзсіз. Жазиралы Жаркент өңірі ежелден бақ қонып, қызыр дарыған берекелі аймақ. Қойнауына тағылымды тарих ұя салған киелі жерлер мен қасиетті қоныстар  көптеп кездеседі. Атап айтсақ әйгілі Орбұлақ шайқасының орны, Әулиеағаш, «Жаркент мешіті» сәулет көркемөнер мұражай кешені,  Найзатапқан арасанын атауға болады.

            Бүгінгі күні қасиетті мекендердің ішінен Әулиеағаш пен «Жаркент мешіті» сәулет көркемөнер мұражай кешені «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енгізілетін   іріктеу бойынша облыстық комиссиядан өтіп, республикалық киелі жерлер картасына, ал Орбұлақ шайқасы өткен жер мен Найзатапқан арасаны облыстық киелі жерлер  картасына енгізілуге ұ с ы н ы л ғ а н д ы ғ ы жөнінде айтылды.

            Қ а з а қ с т а н халқы Ассамблеясы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Рухы бекем, киелі мекен-Жетісу» атты ғылыми -танымдық экспедициясы барысында сөз алған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің ректоры, профессор Қ.Баймырзаев сапарлары жайында түсінік беріп, экспедицияның  негізгі мақсаты туралы баяндады. 

Кездесу барысында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай бағдарлама бағыты бойынша өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ ілиястанушы М.Иманғазинов, дербес зейнеткер О.Жауменов, жаркенттік ардагер ұстаз А.Баймолда, зейнеткер Ш.Керімбековтер сөз алып, экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

            Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Елбасы Н.Назарбаевтың идеясы еліміздегі конституциялық, экономикалық реформалардың  заңды жалғасы екенін түсіндіріп, Елбасының бағдарламалық мақаласы елін сүйген әр азаматқа ой салып, өмірлік көзқарасын өзгертуге бағыттайтынын насихаттау - экспедицияның басты мақсаты еді.

Б.Жұмағазы.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net