Жаңа әліпби жобасы ұсынылды

Соңғы уақытта қазақ  тілінің латын әліпбиіне көшуі төңірегінде әртүрлі пікірлер қалыптасуда. 11 қыркүйек күні Мәжілісте парламенттік тыңдауға жаңа әліпби нұсқасы ұсынылды.  Ол 25 таңба мен 8 диграфтан тұрады. Ұсынылған нұсқа халық арасында қызу талқыға түсті: жаңа әліпбиді құрастырған жұмыс тобы бұл ең ыңғайлы нұсқа десе, қарапайым халық пен қоғам белсенділері оның қолдану кезінде қиыншылық туғызатынын алға тартуда. Халық арасында бұл реформаның үлкен резонансқа ие болғаны қуантады. Бұл - ұлттың өз болашағына, ұрпағының болашағына бейжай қарамайтындығының бір дәлелі.

 

            Ал жаңа әліпби турасында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек «24-Хабар» арнасына берген сұхбатында латынға көшкен түркітілдес мемлекеттер мен Еуропа елдерінің тәжірибесі мұқият сарапталғанын, жобаны жасау үшін жауапты мамандардың 5 ай бойы еңбек етіп, бұл іске жалпы 2,5 мыңнан аса адам жұмылдырылғанын, 20-дан аса ғылыми конференция өтіп, 100-ден аса әліпби үлгісінің   ең тиімдісі таңдалғанын айтады. Ұсынылған әліпби соңғы нұсқа емес. Енді оған деген халықтың көзқарасы сараланып, әлі де талқыға түсетін болады. Содан кейін ғана ол заң жүзінде бекітіледі. Латын әліпбиін үйрену аға буын өкілдеріне аздап ауырлық түсіруі мүмкін, дегенмен бұл жастарға түк те қиын емес. Бір жағынан шетелде жүрген қандастарымыз үшін де оңтайлы болмақ - өйткені олар латынша жазып үйренген. Дүниежүзінде технология, дәрі-дәрмек, т.б. барлығы

да латын әріптерімен таңбаланды. Бұл өзгеріске біз бірден келе қойған жоқпыз.       Елбасы Н.Назарбаев латынға көшу жөнінде 2006 жылы айтып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеген еді. Енді, міне, рухани жаңғыру аясында қолданысқа енгізуді ұсынып отыр. Кезінде астанасын ауыстырған Қазақстан үшін ұлт болашағы жолындағы әліпби ауыстыру қиыншылық туғыза қоймас. Заман, адам, қоғам қателессе де – уақыт ешқашан қателеспейді. Сондықтан уақыт талап етіп отырған өзгерісті қабылдап, еліміз үшін маңызды іс-шараға атүсті қарамайық.

Ж. Кенжебек.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net