Жылжымалы көрме Жаркентте

13-15 қыркүйек  аралығында Жаркент қаласы Ә.Қастеевтің көркемсурет галереясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Асыл қазынам» атты Алматы облысы «Көркемөнер галереясының» жылжымалы  көрмесі өтті.

 

            Көрменің негізгі мақсаты – егеменді еліміздің ұлттық мәдени мұрасын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, рухани байлығымызды, қол жеткізген жетістіктерімізді насихаттау. Көрмеге Алматы облыстық Көркемөнер галереясының негізгі қорындағы К.Муллашев, К.Акашев, Х.Кикимов, Ж.Натбаев, А.Қазығұлов, Ш.Усманов, С.Сәрсенбаева сынды суретшілердің туындылары қойылды. Рухани жаңғыру бағдарламасы – ел тәуелсіздігін одан әрі нығайту бойынша еліміздің жастарына арналған жол картасы. Бұл бағдарламаның барлық қағидалары ұлттық экономиканы және қазақстандықтардың әл-ауқатын дамытумен тікелей байланысты. Осындай  ауқымды бағдарлама ұлтты біріктіретін, азаматтық ұқсастықты нығайтатын өзіндік әлеуметтік арқау болады. Рухты жаңғырту мақсатымен өткізілген көрменің құттықтау сөзін Мемлекеттік орталық музейі директорының  ғылым жұмыстары жөніндегі орынбасары, философия

ғылымдарының докторы Ғ.Теміртонқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғ.Рысбаев, Жаскент ауылдық округінің әкімі С.Бакетов сөйлеп, Елбасы мақаласының мәні мен маңызы жөнінде әңгімеледі. Өз кезегінде Ә.Қастеев атындағы

көркемсурет мұражайының директоры Б.Әбілханов осындай іс-шаралардың тәжірибе алмасуда рөлі үлкен екенін атап өтті. Мұнан соң қатысушылар  көрмені аралап, қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен  танысты. Ал, Алматы облыстық «Көркемөнер галереясының»  директоры, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қ.Қаблисанов қорытынды сөз сөйлеп, барша қатысушы қонақтарға ризашылығын білдірді.

Отан – бұл тек  жер, аумақ қана емес, ортақ дүниетанымдық қ ұндылықтарды, тілді, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды  иеленушілерден құралған бірыңғай әлеуметтік- мәдени қауымдастық та ғой. Сондықтан Президент бағдарламасының мағынасы мен қағидаларының қоғамның барлық топтарына жеткендігі маңызды. Осы орайда өткен «Асыл қазынам» көрмесі өз мақсатына жетті деп айтуға болады. 

                                                                                                                                Жансая Ержанқызы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net