Кәсіпкер қолдауымен

Кәсіпкер, аудандық  мәслихаттың депутаты Адылжан Ходжамбердиев басқа округте тұрады. Кәсібі  де өз ауылында. Алайда Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі мақаласынан қанаттанған кәсіпкер, көршілес Үлкеншыған округіне қарасты Қырыққұдық ауылындағы Жаркент орта мектебі ұжымының бір ауыз тілегіне құлақ асып, жаңа оқу жылының дайындығына бір миллион теңгесін бөліп, көмектесті. Сол қаржыға мектептің жиын жайы мен спорт залының және бір кабинетінің терезелерін өз жұмысшыларының қолымен жаңалап берді.

 

            Е л   і шінде  атымтай  жомарттар аз емес, алайда көпшілігі өз атағын шығаратын істер атқаруға  құштар. Ары кеткенде ауылына мешіт салады, әр түрлі спорттық жарыстарға демеуші болады, қала берді жоқ-жітікке қолдау жасайды. Бұл да болса көңілге қуаныш сыйлап, жаныңды жадырататын іс.

            Естіген соң елеңдеп, Қырыққұдық ауылындағы Жаркент орта мектебіне шауып жеттік. Ұжым Адылжанның көмегіне дән риза. Мектеп директоры Мұратбек Әжібеков 30 жылдан бері жөндеу көрмеген мектебінің спорт залы мен жиын жайының және кейбір сынып бөлмелерінің есік терезелері, едендері әбден тозып, саңылаудан қыста жел гулеп мазалағанын, солардың көпшілігін жаңа пластикалық терезелермен ауыстыруға қол ұшын Берген кәсіпкерге ризашылығын айтып, ағынан ақтарылды.

             Бұл мектеп үйі өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында салынып, тек 1987 жылы қолданысқа беріліпті, Жалпы 624 орынды мектепте биыл 402 оқушы партаға отырып білім алады. Ұжымда қазір 50 мұғалім еңбек етеді. Білім сапасы жағынан аудандағы алдыңғы қатарлы оқу ошақтарының бірі қатарында. Әттең, - дедік, алдағы жылдарда жағдай болса Үкімет қолдауымен күрделі жөндеуден өткізілсе, үш қабатты бұл мектеп үйі де бастапқы сәніне кірері даусыз. 

                                                                                                                                                               Мырзағали

НҰРСЕЙІТ,

Панфилов ауданының

«Құрметті азаматы».

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net