Туған жерге туыңды тік

Бұлай деп бекер айтылмаған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйекті мақаласында «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

 

            Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан терең сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы тала-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта – пана, ыстықта- сая болған, есімдері 

ел есінде сақталатын біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп ерекше атап көрсетеді. Туған жерге деген, туған елге деген махаббат осылай болса керек-ті. Біздер, бастауыш сынып мұғалімдері Елбасымыз нақтылап

көрсеткен осы бағдарламалық нұсқауды басшылыққа алып, оқушыларды осы мақсат биігіне талпындыру міндетін атқаруымыз керек. Бұл біздерден үлкен жігер мен талапты қажетсінеді. Осы міндет үдесінен табылу – басты парызымыз да.

Мөлдір Қасымбекова,

Е.Сыпатаев атындағы орта

мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net