«Нұр Отан» партиясы 11 499 іс-шара ұйымдастырды

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік баяндады. Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясы жыл басынан бері 1 121 466 тұрғынның қатысуымен 11 499 іс-шара өткізді. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша  1345, «Латын әліпбиіне көшуге» байланысты  178 тақырыптық кездесу,  партиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша  3007  іс-шара өтті. 

 

Партия мүшелері жыл санап өсіп, облыстық филиалдың алдыңғы қатарда көрінуі өңірдегі әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың тұрақтылығы себепші. Сонымен қатар, биылғы жылы облыс тұрғындарының саны 2 миллион адамға жетті. Жалпы өңірлік өнім 2 трлн. тенгені құрап, экономиканың барлық саласында  тұрақты динамика сақталды.

«Облыстағы нұротандықтар биылғы жылы Елбасының жарияланған конституциялық реформа, экономикадағы үшінші жаңғыру, болашаққа бағдар беретін рухани жаңғыруды ел ішінде кеңінен түсіндіріп,  өзіндік  үлестерін қосып келеді. Сайлауалды бағдарламада көрсетілген  барлық тапсырмалар да уақытылы және сапалы орындалуда» , - деді өз сөзінде С.Нұрқадыров.

Сондай-ақ, партия түрлі әлеуметтік жобалар арқылы қоғамға жан-жақты көмек, қолдау көрсетіп отыр. Осындай игі бастамалар партияның беделін көтеріп, оның қатарына өз қалауымен келетін жастардың санын арттыруға септігін тигізеді.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net