Ұлттың ұлы мұраты

http://turizm-hit.ru/

                Елбасы    биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған еді."Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтарын айқындап берді. Бұл –мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай осы жаңғыру бағдарламасында қамтып отыр.

 

                Ол- Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын  отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

      Біздің колледжде «Рухани жаңғыру»  бойынша  4 кіші бағытта іс-шара жоспары жасалып, атқарылуда. Атап айтатын болсақ: І-курс студенттері арасында «Кітап – рухани байлығымыз» тақырыбында колледж кітапханашысы К.Бегімбетова кіапхана ережелері мен талаптары жайлы, «Туған жер» «Рухани жаңғыру» тақырыбында шығарма жазу байқауы өтіп, ауданға  жіберілді.  Аудан көлемінде өткізілген суреттер байқауына қатысты.  Колледждің І-курстары арасында «Толағай» «Ұлттық ойын -  болашақ жастар салауаты» тақырыбындағы топаралық спорт сайысы ұйымдастырылды.  «Рухани жаңғыру» тақырыбында  Жаркент гуманитарлық колледжінде өткен ғылыми-конференцияға колледждің жас мамандары қатысты. 

                «ЭКСПО – жаңғырудың қозғаушы күші» тақырыбында ЭКСПО туристерімен сұхбат, кездесу өткізілді. «Туған жер» бағдарламасы аясында «Жаркент мешіті», Ә.Қастеев сурет галлереясы, «Даңқ» мұражайына және «Әулиеағаш», «Жаркент-Арасан» сауықтыру орындарына саяхат жасалынды.

                Мемлекет басышысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында колледж ауласына ағаштар отырғызу, тазалық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Колледж ауласына 114 терек, 9 туя ағашы,  қарағаш ағаштарының көшеттері отырғызылып,  суғару, күтіп-баптау жұмыстары жалғастыруда.                           

                                                    Л.ҚАБЫЛБЕКОВА,

 Жаркент көпсалалы

колледжінің тарих,

география пәндерінің

 оқытушысы.