Жоба жеңімпазы

http://turizm-hit.ru/

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты тарихи маңызы зор мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту туралы 1-ші бағытта көрсетілген бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін  «Үш тілде білім беру» бағдарламасы қарастырылғаны бәрімізге белгілі.

 

                Мемлекетіміздің болашағы жастарымызды, әсіресе осал топтарды пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы өңірлік маңызы бар дағдыларды дамытуға арналған Халықаралық қайта құру мен даму банкі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жастар корпусын дамыту жобасының жастар үшін әлеуметтік мәні зор деуге болады. Осы жобаның жастарымызға қажеттілігін ескере отырып zhasproject.kz ақпараттық порталына өтінім беріп, үш кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесі бойынша қайтарымсыз негізде  «А» тобындағы ағылшын тілін оқытуға  1 000 000  теңгелік  грант ұтып алғанымды мақтаныш етемін. «А» тобындағы қатысушыларға өңірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, кіші жобаны грант есебінен іске асыру және менторлардың қолдауын алу мүмкіндігі берілген болатын.      Кіші жобаны жүзеге асырудағы мәселелерді шешуге ментор И.Асантаев қол ұшын бергенін атап айтқым келеді.

                Грант қаржысына жаңа технологиямен оқытуға интерактивті  тақта, проектор, маркерлі тақта,орындықтар, оқу құралдары мен кітаптарын сатып алдым. Гранттың шарты бойынша толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан 50 оқушыны тегін оқытып, бітірген соң сертификаттар берілуіне қол жеткіздім. Қазірше жоба Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық түрде іске асырылуда. Жоба оқымайтын, жұмыс істемейтін, кәсіптік қайта даярлауға тартылмаған, кедейлік шегінде отырған 18-29 жас аралығындағы республика азаматтарын қамтиды. Жастар корпусын дамыту жобасы 4 компоненттен тұрады:

                -жастар топтарына әлеуметтік маңызы бар кіші жобаларды іске асыру үшін гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар беру;

                -жас адамдарды өңірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша оқыту;

                -жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

                -тиімді ақпараттық түсіндіру науқаны және кері байланыс пен мәселелерді шешу тетігін іске асыру.

                Қазіргі күні мектептердегі ағылшын тілін оқыту деңгейі орташа күйде және қосымша білім беру орталықтарының төлем ақысын төлеуге қарапайым отбасының материалдық жағдайлары келмейтіні шындық. Сондықтан көп балалы және әлеуметтік жағдайлары төмен немесе толық емес отбасынан шыққан балалар мен жұмыссыз жастар үшін жоба қай жағынан алғанда да тиімді екені сөзсіз. Жоба жаңа технологияларды қолдану арқылы тілді неғұрлым жеңіл, қарапайым тәсілдермен үйретуге, сөйлеу қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.

                Хамера  Кауасова,

Пенжім ауылы.