Өлкетану мұражайымен танысты

 Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан аумағындағы тарихи мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырту мәселесі аясында, оқушылардың туған жерінің артықшылығын танып білуге, өз отанын құрметтеуге, сүйе білуге үйрет үйретеді. жуырда №6 мектеп интернатында орналасқан Өлкетану мұражайына  А.Луначарский атындағы орта мектеп гимназиясының 7А, 7Ә сынып оқушылары шағын саяхат ұйымдастырды. №6 мектеп интернатына келгенімізде жол сілтеуші Зиягүл апай бізді қарсы алып, мұражайдағы экспонаттарымен жете таныстырды.

 

                Өлкетану мұражайының ұйымдастырушысы Важинин Даниил Евграфович Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Подгорный ауылында 1923 жылы 30 желтоқсанда дүниеге келгендігін, 1961 жылы қазан айынан бастап мектептің география пәнінің мұғалімі Даниил Евграфовичтың басшылығымен өлкетану үйірмесі өз жұмысын туған өлке туралы құжаттар    жинаудан  бастағандығын  айтты.

                1964 жылы мектеп мұражайы ашылып, 1970 жылы кеңейтіліп, 1979 жылы мұражай тағы да толықтырылып, жабдықталғандығын айтып берді. Осы мектептің түлегі «Ер есімі ел есінде» деген тақырыбында Ауған соғысына қатысып келген Көншібаев Ербосынның ерлігі мен өмірбаяны да  айтылды.

                  Мұражайда бұрынғы заманнның көне бұйымдарын, қол диірменін, ақшалардың түрлерін, әртүлі аңдардың, құстардың, балықтардың  сақталған қаңқаларын көруге болады.  Зиягүл апайдың айтуы бойынша мұражайдағы заттарды ай сайын тазалап отырады екен. Оқушылар мұражайды қызығушылықпен аралап, әр заттың қалай жасалғандығы туралы  жолсерікке  сұрақтарды қойып, сұрақтарына толық жауаптарын алып отырды.

Б.Тұрлыбекова.

география пәнінің мұғалімі;       

Г.Байдалиева,

 ағылшын пәнінің мұғалімі.

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net