Сахнаны әлдилеген кеш

http://turizm-hit.ru/

 Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық Филармониясының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақберген  Асқарбековтың шығармашылық кеші болып өтті.

 

                Кеште ҚР мәдениет қайраткері жерлесіміз Абылайхан Қармысов, ҚР мәдениет саласының үздігі әнші Бақытгүл Әбенова, Халықаралық байқаулардың лауреаты Асылбек Тойлыбаев, «Алтынай» Мемлекеттік халықтық би ансамблі, әнші Айнұр Смағұлова сынды өнерпаздарымыз өз өнерлерін ортаға салды.

                 Кешті ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлзия Байбосынова жүргізіп отырды. Кешті көруге аудан жұртшылығының барлығы дерлік жиналды. Ауданымыздың әкімшілік аппараты бастаған аудандық әкімшілік қызметкерлері, ауыл әкімдігі, мекеме басшылары  және Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі, «Диана» және Жаркент көпсалалы колледждерінің студенттері мен мұғалімдері жиналды.

                Аталмыш кеште Бақберген Асқарбековтың «Жетісу», «Ауылым», «Қырғыз қызы», «Әз жұртым», «Ұлы дала», «Мәдина», «Жетісу ақындарының термелері», «Жаркентім жайнай бер» сынды әндері айтылды.

                Кеш соңында аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев Жетісудан келген әншілер мен көркемөнерпаздарға өз алғысын білдіріп, халқымыздың рухани байлығы - ән өнерін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген белгілі өнер тарландарының ауданымызға келгені  үлкен мақтаныш екенін айтып, шығармашылық табыстар тіледі.

Мәулен  Керімбеков.